Нүркен Жансая Бостанқызы Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысысы ҚАЖД- ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде бес жылдан астам уақытттан бері жұмыс жасап келеді.
Алғаш мекемеге қатардағы бақылаушы болып орналасқан ару, бүгінде мекеменің РжКБ-нің инспекторы, аға лейтенанты болып қызмет атқарады. Жансаяның айтуынша бұл саланы таңдауына, әулетінен алған тәлім-тәрбиенің игі әсері болған.
Жеңіс күні отбасымыз үшін қымбат та, қастерлі мереке саналады. Өйткені, әкемнің ағасы Нүркенов Ілияс 1942 ж Қармақшы АӘК арқылы майданға аттанып, 3Ар,49 ГауАР Тп,БКР құрамында қатардағы жауынгер – байланысшы( радиостелаграфист) ретінде соғысқа қатысқан. Ал 1944ж 24 шілдеде қаза тауып, Белорусссия республикасы Белосток облысы, Блоска деревнясында жерленген.
Ел басына күн туған шақта қолына қару алып, елін-жерін, Отанын жау езгісінен қорғаған атамыз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жас өмірін құрбан еткен ерен ер болған.
Оқушы кезімде мектепшілік олимпиядаға қатысып, «Майдангердің үрпағымын жұлдызды» деген тақырыпта шығарма жазып, жүлделі орын алғанмын.
Мектеп директоры мақтау қағазын тапсырып тұрып: «Атаңның рухы желеп-жебесін.Жұлдызың биік азаматша бол!» деген болатын.
Шынында да, әулетімізде әкем Нүркенов Бостан Абытұлы запастағы аға лейтенат, әпкем Руфина Бостановна Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің бастығы,аға сержанты болса, өмірлік серігім әділет аға сержанты Сәбит Асқарұлы өзімммен бірге тергеу изоляторындағы РжКБ-нің аға бақылаушысы, болып қызмет атқарады.
Кейде, өзімнің сол бір майдангер атамнан бастау алған жұлдызы әулетттен тараған ұрпақ иесі болғаныма шүкір деймін.
Ілияс атамыздың ерлігін үлгі тұтып,бауырмал,мейірімді,адал еңбекпен бақытқа жету қасиетттерін, отансүйгіштігін әулетіміздің әрбір мүшесі өмірлік бақыт-бағдар етіп алған.
Атамның жарқын бейнесі фотосуретттеріне, майданнан жазған хатттарына қастерлеп қарап, әрдайым мақтаныш тұтып келеміз.
Қиындығы басым ҚАЖ саласында немесе өмірде болсын табандылық танытып жетістіккке жетуім артымда тұрған асқар таудай әулетімнен алған тәрбием мен көріп өскен өнегемнің нәтижиесі деп білемін.
Бүгінде Сәбит екеуміз екі перзент тәрбиелеп отырмыз. Мен де ата-анамдай балапандарыма үлгілі өнеге көрсетіп, атамның қанымен сіңген қайсар рухты дарытамын деп ойлаймын.
Өйткені мен майдангердің ұрпағымын жұлдызды.


