Тестілеу- бұл объектінің қасиеттерін өлшеу процедурасының бір түрі, ал бағалаудың негізгі қызметі психологтың келесі жұмысы үшін ақпарат алу болып табылады.
Сонымен, 2023 жылдың 18 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “Педагогика” кафедрасының аға оқутышысы Азат Кадырович Куатов №3 мекемесінің қамтамасыз ету тобының психологтарымен бірлесіп, тиімді пайдалануға болатын сараптамалық әдістерді қолданып психологиялық кеңес беру мәселелерін шешу. Тексеру алдында ұстаз сотталғандармен алдын ала әңгіме жүргізді, оның барысында психодиагностика шешетін әлеуметтік, этикалық және психологиялық міндеттердің айырмашылығын көрсетті.
“Сотталушының тестілеу процесіндегі жұмысы оның ішкі әлеміне, өзін-өзі тануға деген қызығушылығын тереңдетуге ықпал етеді, содан кейін психологпен әңгімеде талқылауға болады”— дейді Астана қаласы бойынша ҚАЖД №3 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры С.А.Абильмажинов.


