12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Көлікте жасалған қылмыстарға жаза күшеймек

Алдымен көліктегі қылмыстарға анықтама беріп кетсем. Бұл сөздің өзі (ағылtransport crimes) көлікте жасалған қылмыс дегенді білдіреді. Ал, Қылмыстық заңнама бойынша – бұл қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс түрлерінің бірі. Оларға мыналар жатады:

  • темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу;
  • көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
  • жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу;
  • көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралдарын жүргізуге жіберу;
  • көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру;
  • көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу;
  • пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату;
  • көлікте қолданылатын ережелерді бұзу;
  • магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;
  • труба құбырларын зақымдау немесе қирату;
  • кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі;
  • ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.

Осылардың ішінде кең тарағаны көлік құралымен жасалатын қылмыстар, көп кездесетіні автомобиль жүргізушілерінің қылмысына тоқталсам деп едім.

Өйткені, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру – өмірлік маңызы бар мәселе. Себебі, елімізде қара жолда қаза тапқандар саны көбеймесе, азаяр емес. Болмашы ережебұзушылықтың өзі жантүршігерлік ірі апаттарға әкеліп соғуда.

Спирттік ішімдік ішсе, оның буымен шопырдан санамен бірге жауапкершілік те кетеді. Ондайда шоқалақ жолың да, тақтайдай тегісі де көмектеспейді. Ал енді соққыш көлік пен «желөкпе» тентекті тезге салатын бір соқпақ табылғандай. Заң қатайған, ҚР Қылмыстық Кодекске мас күйінде жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіні жауапкершілікке тартатын жеке бап енгізілген. Ал, көліктегі және жол шаруашылығындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының міндеттері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының салдарын жою болып табылады. Көлік және жол шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-тарауының 559-635-баптарында көзделген.

Осы тарау бойынша қалған құқық бұзушылық құрамдарын ішкі істер органдары, әскери полиция, мемлекеттік кірістер, көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ ауылшаруашылық техниканы тіркеу жөніндегі уәкілетті органдар қарайды.

Жол жүрiсiнің негiзгi қағидаттары: жол жүрiсiне қатысушылардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiнің қамтамасыз етілуі үшін мемлекет жауаптылығының жол жүрiсiне қатысушылардың жауаптылығынан басымдығы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде жол жүрiсiне қатысушылар, қоғам мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас болып табылады.

Көлік құралын немесе басқа да өзі жүретін көлікті басқаратын жүргізуші, егер көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн бұзған жағдайда жауапты болады.

Құқық бұзушылықтың объективтік жағы көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы, сонымен қатар жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңіл зақым келтiру болып табылады.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруымен байланысты құқық бұзушылықтар ҚР Қылмыстық Кодекстің 346-шы бабымен құқық бұзушылық санатынан көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл осы іс-әрекет көлікті басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 3000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Нормативтік Қаулысына 11.12.2020ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.  Осы Нормативтік Қаулыда біз талқылап отырған қылмыстарды соттарда қаралу тәжірибесіне назар аударылады. Атап айтқанда, Соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 345, 345-1, 346 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер), 348, 349-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, егер жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа немесе ауыр зиян келтіру түріндегі салдарларға не бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда ғана басталатынына назар аударсын.

ҚК-нің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір салдарлардың басталуы талап етілмейді.

ҚК-нің 346-бабының екінші бөлігі бойынша жауаптылық абайсызда бөгде көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіру, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіру түріндегі салдарлар болған кезде басталады.

Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болу фактісі ҚК-нің 345-1-бабында көзделген іс-әрекеттердің міндетті белгісі болып табылады.

Іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабының тиісті бөлігі бойынша саралау үшін екі мән-жайдың: 1) адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуы;
2) адамның осы іс-әрекетті жасағанға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылу фактісінің болуы анықталуға тиіс. Көрсетілген
мән-жайлардың ең болмағанда біреуінің болуы іс-әрекетті ҚК-нің                     346-бабы бойынша саралауды жоққа шығарады,- делінген.

Сонымен қатар, осы құжатта қылмыстық құқық бұзушылықтың жасау шегі дже көзделген: қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақытта 16 жасқа толған, механикалық көлік құралын жүргізген және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға жол берген адам ҚК-нің 345, 346, 347, 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі болып танылатыны түсіндірілсін. Бұл адамда жүргізуші куәлігінің, сол сияқты білімінің және оны пайдалану дағдысының болуы немесе болмауы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Көлік құралын механикалық құралдарға жатқызу кезінде ҚК-нің               345-бабының және «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Жол жүрісі туралы» Заң)                      1-бабының 38) тармақшасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) 1-бөлімі 2-тармағының 45) тармақшасының диспозициясын негізге алған жөн, оған сәйкес қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы, оның ішінде автомобильдер, троллейбустар, трамвайлар (мопедтер мен рельстік көлік құралдарын қоспағанда), тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар олар жол жүрісіне қатысқан кезде механикалық көлік құралдары болып танылатыны да ескертілген.

Соттар жазаны тағайындаған кезде ҚК-нің 346-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әрекеттер кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға жататындығын және ҚК-нің 22-бабының талаптарына сәйкес тұтастай алғанда қасақана жасалған деп танылатындығын ескергендері жөн.

Осыған байланысты, абайсызда адамның денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтірген не қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жағдайда (көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы немесе мұндай адамға көлік құралын басқаруды беру немесе басқаруға жіберу) кінәлі адамға екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу тағайындалуға тиіс.

Сот біреулері қасақана, ал екіншілерін абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталғандарға, егер қасақана қылмыстық құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындалған жағдайда ғана бас бостандығынан айыруды қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуді тағайындауға құқылы.

Осы ретте, егер қасақана қылмыс үшін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған жағдайда, сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыруды қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеуді тағайындауға құқылы.

Бұдан былай, ақтан ұрттап алып немесе есірткіге еліткен күйде рөлге отырып, денсаулыққа зиян келтірген лауазым иесі жылы орнын босатып қана қоймай, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

Жүргізуші әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайтадан масаң күйде темір тұлпарын тізгіндесе, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 8 жылға көлік айдау құқығынан айырылады.

Көпшілік тәртіпке бас игенде ғана қауіпті қоғамнан арылатынымызды ұмытпауымыз керек деп ойлаймын. 

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу

сотының жетекші маманы

Акмурзин Дәурен Болатұлы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...