Көктемнің алғашқы күнінде тергеу изоляторы қызметкерлеріне алғыс айтылды

Наурыз алғыс айту күніне орай, Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің № 68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне мекеме қамауындағы сотталғандардың туыстары мен қайырымдылық жасалынған « Шуақты бөбек» қоры атынан алғыстар айтылды.

Нақтырақ айтар болсақ, мекеменің шаруашылық бөлімінде жаза мерзімін өтеп жатқан ҚР Қылмыстық Кодексінің 124-бабы бойынша сотталған А. есімді азаматтың анасы мен шалғай аймақтан ұзақ мерзімді кездесуге келген сотталғанның әйелі мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Олар өз сөздерінде мекеме бастығы мен қызметкерлерге соның ішінде мекеме бастығы, әділет майоры Ильясов Қайырбек Есенгелдіұлының жылы қабылдауы мен қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қыздарына көрсеткен жақсы қарым-қатынастары үшін ризалығын білдірді.

Сол сияқты алғыс айту күні қарсаңында, мекеменің кадр саясат тобы ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына рахметін білдірген« Шуақты бөбек» қоғамдық қоры, алғыс хатын әкеліп берді.

Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.

Адамдар арасында қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Сондықтанда мекеменің әрбір қызметкері күнделікті қауырт жұмыс барысында мекемеге келуші азаматтармен жақсы қарым-қатынаста болады.

Бүгін міне, алғыс айту күніне орай соның нәтижиесін көріп отырмыз. Өзге тараптан келіп түскен бұл алғыс хаттар біздің мерейімізді өсіріп, одан әрі отанымызға адал қызмет атқаруға ынталандырады — дейді, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлы.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...