Көксу ауданында сотталғандарға бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

Қазіргі таңда, құқық қорғау және әлеуметтік мемлекеттік органдар пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тұрмыстық жағдайына көңіл бөлуде.

Осы тарапта, Жетісу облысының Көксу аудандық прокуратурасы бастамасымен, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты Көксу аудандық пробация бөлімі және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы бірлесе есепте тұрған сотталғандар арасында жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты сотталған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алып, оларды жұмысқа орналастыру.

Бос орындар жәрмеңкесіне жұмыс берушілер тарапынан «Көксу қант зауыты», «Уыз-Май», ЖШС «Құрылыс» сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Өткізілген іс шараның нәтижесіне сәйкес, есепте тұрған үш сотталған ұсынылған жұмыс орындарына қызығушылық танытып, тұрақты жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірді.  

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...