«Көз алдымызда такси жүргізушісін бауыздап тастады»: БҚО полициясы пікір білдірді

Орал тұрғындары арасында такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ер адамды белгісіз біреу бауыздап тастағаны айтылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

«Ремзавод — ғажайып мекен. Біздің көз алдымызда такси жүргізушісін бауыздап тастады. Полиция келді. Жедел жәрдеммен алып кетті, аман қала ма, жоқ па, білмеймін. Міне, осындай жағдай. «Ремзавод» аялдамасы маңында. Алды да тамағын орып жіберді, болды. Олардың нені бөліспегені түсініксіз», — делінген ақпаратта.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қорқынышты хабарға қатысты пікір білдірді. Ведомство такси жүргізушісіне шабуыл жасалмағанын айтты.

«Полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтады. 10 ақпанда көлікте бірге ішімдік ішіп отырған кезде екі туыс арасында жанжал туындап, біреуі екіншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады полиция.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...