«Еңбек-бұл рухани және материалдық орта объектілерін мақсатты түрде өзгертетін және жетілдіретін іс-әрекет қалыптастырушы, тұлғаға тиімді әсер ететін білім беру құралы. Бұл әрекетте баланың өзі физикалық, ақыл — ой, адамгершілік, эстетикалық және басқа жағынан жақсартады.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесі аумағында ҚР ҚМ «№ 02 кәсіптік-техникалық мектебі» ММ жұмыс істейді. Мекеменің өндірістік аумағында орналасқан бұл білім беру мекемесі 1973 жылдан бастап бар. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық мектеп ғимаратында жазасын өтеуші жасөспірімдер «құрылыс ағаш ұстасы», «механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары», «металл бойынша токарь»топтарында оқиды. Кәсіптік-техникалық мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Касымов Жасұлан Жанабековичтің айтуы бойынша: Жасөспірімдерге А.С. Утеулиев арнайы пәндер және материалтану мұғалімі, К.М.Бокотов слесарь мамандығының өндірістік оқыту шебері, тәжірбиелі мамандар сабақ береді. К.Д. Нуркин, А.К Аджиев столяр мамандығының өндірістік оқыту шеберлері, К.Т.Умирбеков және К.М. Меңдыханов токарь мамандығының өндірістік оқыту шеберлері жұмыс жасайды. №11 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер мұнда кәсіптік білім алып шығады. Олар «Құрлыс ағаш ұстасы», «Металл жоңғыш», «Механикалық жинау жұмыстарының слесары» топтарында 6 ай сайын әр бала 3-мамандыққа ие болады.
Оқу кезеңі күн сайын алты күнтізбелік айды құрайды, демалыс күндерінен басқа, тәулігіне үш сағаттан аспайды, өндірістік практика кәсіптік-техникалық мектептің цехтарында өткізіледі. Өндірістік практиканы аяқтағаннан және біліктілік емтихандарын тапсырғаннан кейін сотталғандарға мамандығы бойынша екі біліктілік беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.
Мектеп диреторның м.а. Касымов Жасұлан Жанабекович айтуы бойынша болашақта жақсы оқыған жасөспірімдерге степендия қатарстырып жатыр.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


