12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмысты, құқық бұзушылықты алдын алу

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты мәселелердің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу оның алдын алу болып табылады.

           Статистикаға жүгінсек қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқық бұзушылықты, қылмысты жасайтын, сондай-ақ ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған жасөспірім балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққанын көрсетеді. Алайда, кейбір ата-аналардың өз балаларының тағдырына алаңдаушылық танытпай, олардың үйден және мектептен тыс бос уақыттарында немен айналысып, шұғылданып жүргендерін бақыламауларынан, қадағаламауынан орын алатын жағдайлар да кездеседі. Яғни, ата-аналар мен оқу орындары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы да құқық бұзушылыққа, қылмысқа итермелейтін факторлар болып табылады.

           Әсіресе, жасөспірім құқық бұзушылық пен қылмысты ішімдік және есiрткi, психотроптық заттардың әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіні де құпия емес. Мәселен, түнгі ойын-сауық орындарында жасөспірімдер алкогольдік ішімдіктің түрлісін ішіп, есiрткi, психотроптық заттарды қолдану әсерінен әр-түрлі құқық бұзушылыққа, қылмысқа баратын жағдайлар жиі кездеседі, өйткені ішімдік пен есірткі, өз кезегінде, оларды қылмыс жасауға итермелейді, ықпал етеді.

           Елімізде кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруінің өзі әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, ол үшін тіпті әкімшілік жаза да қарастырылған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

      Осы көрсетілген әкімшілік жазалар қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескеру қажет.

           Алайда, жоғарыда айтылған ережелерді жасөспірімдердің барлығы бірдей сақтай бермейді. Сол себептен кей жағдайларда, ата-анасының бақылауы жеткіліксіз болу салдарынан жасөспірімдер тұрғынжайдан тыс жерге кетіп, әр-қилы құқық бұзушылықтар мен қылмысқа барады.
Мәселен, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2023 жылдың 9 айында 67 тұлғаға қатысты 48 қылмыстық іс келіп түскен. Оның басым көпшілігі 188-бабымен (ұрлық), 188-1-бабымен (мал ұрлау), 122-бабымен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 191-бабымен (тонау) бойынша сипатталған.
Өкінішке орай кәмелетке толмаған кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды, түсінбейді, жеткілікті ұқпайды. Сол себептен, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысын ерте кезеңде алдын алудың және оны болдырмаудың негізгі құралы ретінде әрбір отбасында ата-ананың балаларына дұрыс тәрбие беруі, жүріс-тұрысына күнделікті бақылау жүргізуі, өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын және ашық түрде сөйлесіп, оның айналасындағы достары мен таныстары туралы хабардар болуы қажет деген ойдамын.
 Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Думан Болатұлы Мәуленов.

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...

Негізсіз баю сомасын өндіріп алу

Онлайн алаяқтардың белең алуы қылмыс түрлерін көбейтті. Осыған орай,...

Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің негізі

1997 жылы 11 шілдеде жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы тіл...