Бүгін «Pro Bono»қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында спорттық сайыс өтті. Шағын футболға сотталған азаматтардан құралған төрт команда қатысып, бақ сынады. Қатысушы командалар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысы бойынша Алға командасы І орын алса, ІІ , ІІІ орынды Қыран мен Достық командалары бөлісті. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
- Жастар ресустық орталығы және Pro Bono қоғамдық қоры сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру мақсатында жасалған ынтымақтастық меморандумы бар. Осы меморандум аясында сотталған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп жатырмыз, – деді тәрбие бөлімінің қызметкері әділет лейтенанты Жандос Жахаев.


