Қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация есебінде тұрған сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру жүйесі жүйелі түрде атқарылып келеді.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға арналған «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі өткізілді. Аталған шара Кентау қалалық Жұмыспен қамту орталыгы мен қалалық пробация кызметі бөлiмiнiң ұйымдастыруымен пробация есебіндегі жастарга мемлекеттiк бағдарламаларды түсіндіру және насихаттау максатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жұмыссыз жүрген адамдар мен жалақысы төмен жұмысты жасап келген азаматтар да қатысып, өздерінің жанына жақын жұмысқа өтініш қалдырып, Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алады.
Кездесуге Кентау қалалық кәсіпкерлер палатасының, қалалық Жұмыспен камту орталығының мамандары шақыртылып жастарға бизнес бастау жане мемлекет тарапынан берілетін 2,5 пайыздық несиелерді алу жолдары түсіндіріліп бағыт-бағдарлар берілді.
Аталған іс-шарада «Ащысай су» КММ, «Жасыл қала» КММ, «Кентау құрылыс» ЖШС бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, жұмыс беруші мекемелер газ электрдәнекерлеуші, апаттық жөндеу жұмыстарының слесарі, лаборант, хлоратор қондырғыларының операторы, электрик мамандары бойынша бос жұмыс орнындарын ұсынды. Осы мамандық бойынша өтініш қалдырған пробация есебінде тұрған азаматтар «еңбек.кз» сайты арқылы өтініш қалдырып, жұмысқа жолдама алды.
Бүгінгі Кентау қалалық «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесіне пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысып, өздерінің өтінішін бере алады. Әрине, егер ол адам жұмыс берушінің талабына сай болса, құжаттарын сол жерде тапсырып кетуіне болады. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсатымыздың бірі, өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігі, жұмыссыздықтың салдарынан барады. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлыққа, тонауға баратыны айдан анық. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, — деді Кентау қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Атабек Исаев.
Сонымен қатар, аталған шарада пробация есебіндегі жастарга мемлекеттiк багдарламалар кеңінен түсіндірілді. Сотталған жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын сала мамандарына қойып тұщымды жауап алды. Кентау қалалық пробация қызметі есебінде тұрған 33 сотталған аталған шараға қатысты.
Биылғы жылы қалалық пробация қызметі есебінде тұрған 76 бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталған тұлғаның 33 азамат жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұр. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтарды «2021-2025 жылдар кәсіпкерлікті қолдау Ұлттық жобасы» аясында жұмыспен қамту шарпалары жүйелі түрде өткізілуде. Бүгінгі таңда 27 азамат жұмыспен қамту шарасына қатысты. Қалған 6 адам ағымдағы жылодың екінші тоқсанынан бастап қоғамдық жұмыстарға жолданады. Атап айтар болсақ, ақылы қоғамдық жұмысқа – 9 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 1 адам, тұрақты жұмыспен – 5 адам, жастар практикасына – 1 адам, «Күміс жас» жобасына – 1 адам жолданды. Ал , «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлікт негізінде – 7 адам оқып сертификат алды. Оның ішінде бір азамат көпбалалы санаты негізінде мемлекеттік грантқа өтініш білдірді. Жастар санаты бойынша екі азаматқа 2,5 пайыз жеңілдетілген несиеге кеңес берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында бір отбасыға берпілді. Сондай-ақ, осы жылы екі азамат тұрақты жұмысқа орналасты. «Кентау — сервис» КМК бір адам, «Ащысай су» КМК бір адам жұмысқа орналасты, — деді Кентау қалалық жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі Ғалия Тәңірбергенова.
Аталған шараға қатысып тұрақты жұмысқа жолдама алған қалалық пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар өздерінің алғысын білдірді.
Мен аталған шарадла пробация қызметінің қызметкерлері мен Жұмыспен қамту орталығының мамандарының арқасында мемлекуеттік бағдарплама аясында тұрақты жұмысқа жолдама алдым. Әрине қателікке ұрынып істі болған адам өз бетімен жұмысқа орналасуы да қиынға соғары анық. Мемлекет тарапынан есепке алынғандардлы шеттетпей қоғамға етне араласып кетуіне мүмкіндік бергеніне алғысым шексіз, — деді Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Бекжан


