12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келісімшарт жасау – еңбек дауынан құтқарады

Құқықтық мемлекетте еңбек дауының туындауы қалыпты жағдай. Бірақ, заңы пәрменді, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау басты орында тұратын мемлекетте кісі ақысын жеу, жасалған еңбекті бағаламаудың соңы заңдық шаралар қабылдауға алып келеді. Бүгінгі қолданыстағы Еңбек кодексі Ата Заңымызға негізделген. Осы орайда, аталған заңнама әрбір тұлғаның еңбек етуге қатысты конституциялық құқығын толығымен қамтуға бағытталған. Әрі бұл құжат еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды,  еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге негізделіп отыр.

Еңбек даулары қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолданудан, бұрынғы қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген жеке еңбек талаптарынан туындайды. Еңбек дауының орын алуына түрткі болатын себеп әртүрлі. Оған жұмыс берушінің еңбек келісімшартындағы талаптарды орындамауы немесе жұмысшының өз міндетін дұрыс орындамауы ықпал етуі мүмкін. Осының ішінде азаматтардың әлі де болса  еңбек заңнамасын жетік білмеуі, сонымен қатар заң нормаларын көпе-көрінеу бұзуы еңбек дауларын көбейтетінін мойындауымыз керек. Еңбек даулары бойынша жүгінген адамдардың бір тобы соттан жұмысқа қайта орналастыруды сұраса, енді бір тобы өзіне тиесілі жалақыны өндіріп беруді сұрайды. Сот тараптар ұсынған құжаттарды негізге ала отырып, куәгерлер сөзіне иек артып еңбек дауы бойынша шешім шығарады.

Жеке адамдардың еңбек дауларынан бөлек, ұжымдық еңбек даулары да қоғамымызда жиі көрініс береді. Дегенмен, дәл осы еңбек дауларын тиімді, оңтайлы шешу үшін медиация тетіктерін пайдалануға барынша мүмкіндік қарастырылған. Тіпті дауды ушықтырмай реттеу мақсатында заңнамаларда еңбек қарым-қатынасынан туындайтын келіспеушіліктерді шешудің тәртібі жасалған. Соған орай, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы дауды шешу мүмкін болмаған жағдайда алдымен татуластыру комиссиясына жүгіну керек. Татуластыру комиссиясы екі тараптың уәжін жан-жақты тыңдап, келіспеушілікті бейбіт реттеуге тырысады. Егер онда келісімге қол жеткізілмеген жағдайда істерді соттар қарайды.

Десе де, азаматтардың әлі де болса еңбек келісімшартына қол қоймай кіруі жұмысқа кірісуі жиі орын алады. Мұндай қадамға адамдар құқықтық сауатының төмендігінен емес, көбінесе жұмыссыз қалмасам деген шарасыздықтан барады. Жұмысшылардың осындай мәжбүрлі әрекетін өз пайдасына асырып, еңбек келісімшартын жасамайтын, заң талаптарын белден басатын жұмыс берушілер әлі де бар. Адам құқығына салғырт қарайтын жұмыс берушілердің жауаптылығын арттыру кезек күттірмейді.

Г.Имансерикова,

Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...