Келес ауданында «Конституция күні» мерекесін атап өтті

 Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапардың атынан жолданған «Қазақстан Республикасының конституция күні» мерекесіне байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Келес аудандық полиция бөлімінің басшы құрамының ұйымдастыруымен Конституция күніне орай, тұрмыс жағдайы төмен көп балалы отбасыларға және карауында мүгедектігі бар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық іс- шарасы өткізілді. 
  Сондай-ақ ҚР конституция күніне орай, Келес ауданы мәдениет үйінде Келес АПБ-нің ұйымдастыруымен «дөңгелек үстел» жиыны өткізілді. Жиынға Келес АПБ бастығының КСЖ орынбасары полиция полковнигі С.Отыншиев, аудандық «Аманат» партиясының мүшелері және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Ата заңымыздың ең үлкен құндылық екендігі туралы баяндама жасады. Баяндамадан кейін қытысушылар өз пікірлерін айтып, тақырып төңірегінде сөз жарыс өткізілді. Келес АПБ-нің Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Нұрахмет Түймебай және Келес АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Серик Сарсенов Келес ауданы әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Одан бөлек, қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген қызметкерлерді арнайы марапаттады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...