12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келес ауданында екі сотталғанға ескерту берілді

Үстіміздегі жылдың ұаңтар айының 10-17 аралығында «Есептегі элемент» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Келес аудандық пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы және жұмыс орны бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан көне қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.
Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары және жұмыс орындары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.

Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның үйі мен жұмыс орынына барып тексерген. Тексеру барысында екі сотталғанға ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылған. Сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде болмаған. Ол тексеру барысында пробация қызметінің инспекторына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Алмалы ауданы...

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ

Как известно, национальный проект «Качественное образование – образованная нация»,...

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Аумақтық соттылық мәселелері

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне...

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары,...