Келесте 30 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылмақ

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық прообация қызметі мен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі бөлімінің есебiнде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті.

Жұмыссыздақтың салдары адамдарды көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осы орайда Түркістан облысы бойынша Келес аудандық пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны он пайызға азайды.

Атап айтар болсақ, Келес аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Мәселен, аудандық пробация қызметі отыз сотталғанды тұрақты жұмысқа орналастыруға жолдама алуға көмектесті.
Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету — халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталған азаматтар үшiн бұл — үлкен мүмкіндік. Сол себепті пробация қызметiнiң қызметкерлері бұл шараға аудандағы кәсіпкерлер, жұмыс берушi мекеме басшылары болашақта да белсендi қатысады деген сенімде, — деді Келес аудандық пробация қызметi бөлімінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Әшірбаев.

Жаза басып қателікке бой алдырған сотталған азаматтар жұмысқа орналасып, «Екі қолға бір күрек» деп өздерінің ісін бастап та кетті. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға дән риза болған сотталған азаматтар да бар.

Әрине, өзімнің жасаған қателігім үшін қатты қысыламын. Өзім жіберген қателігімнен сабақ алдым. Алдағы уақытта жұмыс жасап ата-анама көмектескім келеді. Маған жұмыс тауып беріп, жұмысқа орналастырып, қоғамға бейімделуіме көп көмегін тигізген Келес аудандық пробация қызметінің қызметкерлеріне және қалалық Жұмыспен қамту орталығына алғысымды айтамын, — деді сотталған Бағдат есімді азамат.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...