Әзербайжанның Ирандағы елшілігінің дипломатиялық қызметі толығымен тоқтатылды. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Trend-ке сілтеме жасап.
«Дипломатиялық өкілдіктің әкімшілік ғимараты мен мүлкін қорғау үшін елшілікте бес адам қалады, бірақ олар дипломатиялық қызметпен айналыспайды», — деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Еске салайық, Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне 27 қаңтарда Баку уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында шабуыл болды. Шабуылшы күзет бекетінде Калашников автоматынан оқ жаудырып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тауып, елшіліктің екі күзетшісі де жараланған.


