Интернеттегі алаяқтық– интернетті қолдану арқылы болатын алаяқтың бір түрі. Ол зардап шегушілерден ақша, мүлік пен мұраларын алаяқтықпен алдап алу мақсатында өзіне жасырын ақпараттарды беру болып табылады.
2023 жылы 16 ақпанда Аршалы ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Азамат Батырханович Гайсинмен, Астана бойынша ҚАЖД №2 мекемесінің жеке құрамымен алаяқтықты тоқтату жөнінде әдістермен, туған туыстарды интернет арқылы алаяқтық жөнінде ескертулер жүргізу бойынша дәріс өткізілді.
«Заманауи интернет-алаяқтар тиімді қылмыстық схемаларды пайдаланады, сондай-ақ желіде алдаудың жаңа сценарийлері мен әдістерін сынап көруде. Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу үшін полиция қызметкерлері тұрақты, жан-жақты жұмыс жүргізуде, оның барысында азаматтарға жеке мәліметтерді жария етудің қауіптілігі түсіндіріледі» — деп атап өтті Аршалы ауданының полиция бөлім бастығының орынбасары полиция подполковнигі Азамат Гайсин.


