Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін  жете білуі қажет. Біліп қана қоймай, оны қажетіне сай күнделікті  өмірде қолданып, құқықтарының тиісті деңгейде қолданылуын талап етуі қажет. Өзі де, заң талаптарының орындалуын, құқықбұзушылықтардың орын алуы жол бермеуі қажет. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтарға жол берген  жағдайда, көзделген жауапкершіліктерді білуі тиіс.

      Жалпы Заң дегеніміз- құқықта мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. 

      Тәртіп — адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаты; адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. Ол жүйелілік, жауапкершілік және ішкі мәдениет, адамның өзіне деген, өзгелерге деген құрметін білдіреді.

      Қоғамдағы заң мен тәртіп — бұл адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттейтін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі қағидалар. Заң — бұл мемлекеттің шығарған ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіп — сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін жағдай мен жағдайларды білдіреді. Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі қоғамның дамуына, адамдардың қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.

      Заң — мемлекеттің азаматтарының құқығы мен міндеттерін белгілейтін, сондай-ақ олардың әрекеттерін реттейтін негізгі құрал. Ол барлық азаматтар үшін бірдей, ешкімге артықшылық берілмей орындалуы тиіс. Заң шығарушы органдар қоғамдағы барлық саланы реттейтін нормативтік актілерді қабылдайды. Заңдар қоғамның әртүрлі салаларында әділеттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданады. Заңның басты мақсаты — қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның құқықтарын қорғау және әділеттілікті орнату. Алайда, заң тек қағазда ғана жұмыс істемейді, оның тиімділігі тек адамдар оны ұстанған жағдайда ғана көрінеді.

     Тәртіп — бұл заңның орындалуын қамтамасыз ететін жүйе. Қоғамдық тәртіптің сақталуы адамдардың жауапкершілігін арттырады, оларды құқық бұзушылықтан сақтандырады.

      Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар, заңды және тәртіпті ұстану арқылы мемлекетімізді дамытуға өз үлесін қосуға ат салысу қажет.

Астана қаласы Әділет департаментінің

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі 

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...