12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңға құрмет — елге құрмет

Сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан  еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуында соттың рөлі қашанда басым. Сотты сыйлап, құрметтеу әрбір азаматқа заңмен жүктелген міндет. Мәселен, Азаматтық процестік кодекстің (АПК)187-бабына сай, судья сот отырысы залына кiргенде ондағы адамдар орындарынан тұрады, сондай-ақ, шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын түрегеп тұрып тыңдайды. Сот отырысындағы тәртіп бойынша іске қатысушылар судьяға «құрметті сот» деп сөйлейді. Себебі, сот билігі мемлекет атынан жүзеге асырылады.

Азаматтар соттың шақыртуына келуі және судья өкiмдерiне бағынуы, сот залында тәртіп сақтауы, яғни, арнайы заңдарда белгіленген қағидаларды бұлжытпай орындауы шарт. Өмірде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін, сондай кезде сотқа келе алмайтын болса, дәлелді себебін көрсетіп, алдын ала хабарлауы керек. Сотқа құрметтемеушілік білдіргендер АПК-нің 9-тарауында белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мысалы, ӘҚБтК-нің 653-бабында ескерту жасау, 20 АЕК айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу, т.б. қарастырылған.

Тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарып, оны тиісті адамға үш жұмыс күні ішінде жібереді, сонымен қатар, қаулыны қажетті материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолдайды (АПК 120-бап). Ескерерлігі, заңға қарсы жасалған әрекет пен әрекетсіздік үшін мәжбүрлеу шарасының да, жауапкершіліктің де бір ғана түрі қолданылады.

Сот отырысында тәртiп бұзушыларға  АПК-нің 188-бабымен нақтыланған шаралар қолданылады. Мысалы, істi талқылау кезiнде тәртiп бұзған іске қатысушыға алдымен ескерту жасалады. Бұған мойынұсынбай, әрекетін тағы қайталаса, сот ұйғарымымен отырыс залынан шығарылады. Егер іске қатысушы сот талқылауының белгілі бір уақытына ғана шығарылып, сот отырысына қайта жiберiлсе, өзі болмаған кезде жасалған процестік әрекеттермен таныстырылады. Кейде сот талқылауына қатысушылар жаппай тәртiп бұзуы мүмкін, мұндай жағдайда iске қатысы жоқ адамдар залдан шығарылады. Сот iс қарауды жабық отырыста жалғастырады немесе оны кейiнге қалдырады. Бұл туралы ұйғарым шығарылып, сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Заңмен белгіленген шаралар сот отырысы барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар, соттың қалыпты жұмысы мен процеске қатысушылардың тыныштығын сақтайды. Процесс кезінде залда қоғамдық тәртіптің сақталуын сот жасауылы қадағалайды.  

 «Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің» демекші, өркениетті мемлекетте өмір сүргісі келетіндер ең алдымен ел заңдарын құрметтеп, оның талаптарын орындаулары керек. Сонда ғана тәртіп сақталады. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бас иген құл болмайды».

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары барлық адамның сот алдындағы теңдігін іске асыру мақсатында қолданылады. 

      Айдар Утебеков,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бас иген құл
болмайды».
Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары барлық
адамның сот алдындағы теңдігін іске асыру мақсатында қолданылады.
Айдар Утебеков,
Бостандық аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...