12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңсыздыққа жол бермеу азаматтық міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заң мен тәртіптің қатаң сақталуы қажеттігін айтып «Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан, азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс» деген болатын. Қауіпсіздік пен  тұрақтылықты сақталу үшін қоғамдағы кез келген заң бұзушылыққа немқұрайдылық танытпау әрбір азаматтың міндеті.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, заңсыз әрекеттерге байланысты құқық бұзушылықтар бір жылда 38 пайызға өскен. Ал мұндай қылмыстардың басым көпшілігі қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдаумен байланысты болған. Сондықтан, өзгенің ғана емес, өзінің де өміріне қауіп төндіретін заттарды алмас бұрын азаматтар бұл үшін арнайы заң, бекітілген ереже мен қатаң талаптар барын білгендері жөн.

Мәселен, қаруды заңсыз ұстап, сақтағандарға Қылмыстық кодекстің 287-бабымен жауапкершілік көзделген. Яғни, қаруды тіркеуге, сақтауға немесе ұстауға рұқсат алмайынша иемденуге болмайды. Бұдан әрі нақтыласақ, аталған баптың бірінші бөлігімен қаруды заңсыз алып жүргендер мен  рұқсаты жоқ адамдарға сатқандарға  мүлкін тәркілеу, 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салу,  түзеу жұмыстарына немесе 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамаққа алу жазалары қарастырылған.

Тәжірибеден мысал келтірсек, қаруды заңсыз сатып алып, сақтаған сотталушы 287-баптың үшінші бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол сотта өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады. Жасаған ісіне өкініп, асырауында баласы бар екенін айтып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Алайда, істі қарау барысында оның құжаты жоқтығын біле тұра ұрланған қаруды сатып алғаны, сол арқылы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Оның үстіне қаруды ашық сарайда сақтаған, ал мұндай жағдайдың ауыр зардаптарға әкелмесіне ешкім кепілдік ете алмайды.

Олай дейтініміз, суық қару ең алдымен, азаматтардың өміріне, сондай-ақ, денсаулығына және заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қатер төндіреді. Сондықтан, сотта жасалған қылмыстың сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып, бұл ретте аса қауіпті және қауіпті санатқа жататын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәселе талқыланды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен  6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әйгілі батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған ел, құл болмайды» деген даналық сөзіне жүгінсек, елдің дамуы, халқымыздың қалыпты өмір сүруі мен қауіпсіздігі әрбір адамнан қатаң тәртіпті талап етеді.

Жансая Намазбаева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...