«Зарыға күткен жағымды жаңалық». Тоқаев Нұрқаділовке ескерткіш орнатуға ұсыныс білдірді

Алматы облысы Кеген ауданында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші орнатылмақ, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы продюсер, NAR Media Group өкілі Нартай Өтеген Facebook-парақшасында бөлісті. 

«Бүгінде заман өзгерді, өзгергенді көз көрді… Бүгін Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың 80 жылдығына орай ас берілді. Асқа кімдер келмеген дерсіз?.. Бәрі жүр. (Оңшылы да, солшылы да). Бұл дегеніңіз, саясаткер, ұлт жанашыры Заманбек Қалабайұлының заманында шынымен де кім болғанын тағы бір дәлелдегендей болды. Ең бастысы, аста ешкім күтпеген, бірақ, бүкіл халық болып зарыға күткен жағымды жаңалықтың жаршысындай жағдай болды. Асқа бата беріліп, Заманбек ағамыздың рухына құран оқылған соң, ортаға ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Берік Уәли мырза шақырылды. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы хатын оқи бастады. Жұрт сілтідей тынған…
ҚР Президентінің хатынан үзінді:

«… Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы — осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру — ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері — Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын. » Тарих — таразы» деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды…» —
дегенде, осындай сөзді 19 жыл күткен жұрт қуанғаннан қол соғып жіберді. Бірін-бірі құшақтай құттықтап, кейбірі көздеріне жас алып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын жеткізіп жатты. Тіпті, билікке оппозиция боп жүретін «Ұлыс медиялық» Гүлжан Ерғалиева сөйлеген сөзінде: «Мен енді шыныменде Жаңа Қазақстанды сезіндім» — деді. Одан кейін сөз алған зиялы қауым, оппозиция өкілдерінің әңгіме ауаны Заманбек Нұрқаділовтың еліне еткен елеулі еңбектері жайына ауыса берді. Міне, осылайша жыл басы ел күтпеген, бірақ, есіл ері ақталған айрықша жаңалығымен басталды…» — деп жазған ол.  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.