spot_img
spot_img

Жұртшылық белсенділігі жемқорлыққа жол бермейді

Сыбайлас жемқорлық мемлекет дамуына кері ықпал ететін басты факторлардың бірі. Сондықтан, оның алдын алуға жекелеген құзырлы органдар ғана емес, ел азаматтары жаппай жұмылуы қажет. Бұл тұрғыда құқықтық сауат мен мәдениеттің алар орны зор. Олай дейтініміз, құқықтық мәдениеті жоғары адам заң талабын бұзбайды, сонымен бірге ол кез келген заңсыздыққа қарсы тұра біледі.

Республикамызда жемқорлықпен күреске арналған заң да, бағдарламалар да бар. Оны болдырмаудың тиімді тетіктері қалыптастырылуда. Мысалы, президент тапсырмасымен орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамажасалады. Бұған қоса  сыбайлас жемқорлық әрекетке барған кез келген мекеме қызметкері үшін оның басшысы да жауапкершілікке тартылады. Бұл тұрғыда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріне қолданылар жаза да қатаң. Заңмен берілген  мүмкіндіктерді қарапайым азаматтар тиімді пайдаланар болса, жемқорлар мен парақорлардың тынысын тарылтар еді.

Жемқорлықпен күресте қарапайым жұртшылық белсенділік танытуы керек деп отырғанымыз, сыбайлас жемқорлыққа мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке басының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері жатады.

Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер жұмысының ашықтығына баса мән беріліп жатыр. Бұл ретте ақпараттық технологияларды айрықша атауға болады.  Себебі, электронды қызмет адам факторын азайтады. Дейтұрғанмен, көпшіліктің мемлекет тарапынан жасалып отырған жеңілдіктерді пайдалануда басқалар қызметіне сүйенгісі келетіні өмір шындығы. Олардың тірліктерін өзгелер арқылы бітіруге ұмтылуы  өз кезегінде парақорлыққа, оның соңы сыбайластыққа жол ашады. Мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлықты жеңуге жалпы қоғам, оның ішінде әрбір азамат мүдделілік танытуы тиістігін көрсетеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ең алдымен азаматтардан сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қасиетін талап етеді. Мәселен, олар өздері куә болған кез келген жемқорлық көрінісін тиісті органдарға хабарлау, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы тосқауыл қоя алады.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмауда сот жүйесінде ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімдері құрылған. Кадр таңдаудағы ашықтық жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі фактор десек,  «Мінсіз судья» жобасы судьялыққа үміткерлердің талапқа сай таңдалуына, сол арқылы  олардың мәртебелі қызметке үлкен жауапкершілікпен келуіне, ал, қызмет етіп жүрген судьялардың жауапкершілігін одан әрі жоғарылатуға ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа жұмыла қарсы тұру өркениетті қоғамға бастайтынын дамыған елдер  тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан, жемқорлықсыз қоғам құру әрқайсысымызға жоғары жауапкершілік жүктейтінін ұмытпағанымыз абзал.    

Ақмарал Жанабаева,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...