Жұмыс кездесуі өтті

Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотының ғимаратында Төлеби ауданы сотының төрағасы Ж.Сейтжапбаровтың, Төлеби ауданы прокуратурасының прокуроры Е.Қасымның және аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Б.Сарыпбековтың және аталған орган қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Жұмыс кездесуінде қаралған негізгі мәселе: бас бостандығынан айырылғандарға тағайындалған жазаның күшін жоюға немесе оны ауыстыруға жүргізілген талдау нәтижелері сараланды. Сонымен бірге, сотталғандардың қосымша міндеттерді: сағат 22:00-ден 07:00-ге дейінгі тұрғылықты мекен-жайында болуы, белгілі бір орындарға бармауы және сотталғандар тарапынан қасақана тәртіп бұзушылықтарға жол берілген жағдайда олардың жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша пробацияның ұсынымдарын барынша қанағаттандыру мәселелері сөз болды.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.

Жеріне көпір құрылысы соғылып кеткен азаматтың құқығы сотта қорғалды

Азамат М.Пратовтың меншігінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Карасу а/о,...

Расширение сферы административной юстиции

17 декабря 2025 года Глава государства подписал Закон Республики...

Разногласия по налоговым спорам

Если упрощенно, то под налоговыми спорами понимаются разногласия, возникающие...

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...