«AMANAT» партиясы БҚО Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жиын оздырылды. Жиында ауданымыздағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды.
Жиынға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Азиз Армисов, БҚО бойынша ҚАЖД №1 Казталов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны С.К.Байдуллин жане пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ж.Қ.Шынтас қатысты.
Азиз Нұржанұлы халықтың табысын арттыру және жұмыссыздықтың алдын алу бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, ақпарат берсе, пробация қызметінің мамандары ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов спикерлерге алғысын білдіріп, жиынға қатысушыларды жастар саясатына үлес қосып, ауданымыздағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуге шақырды.


