Жұбы жарасқан кентаулық полицейлер


Кентау қалалық полиция бөлімінде ерлі-зайыпты полицейлер қызмет етеді. Қайғыда да, қуанышта да бірге жүрген қос тәртіп сақшысы өздерінің отбасы бақытының құпиясымен бөлісті. Жергілікті полиция қызметі бөліміндегі полиция капитаны Бекзат Қабылбеков пен Бұлбұл Нүсіпжанованың отау құрғандарына биыл 9 жыл.

Ерлі-зайыпты полицейлер Алматы академиясында оқып жүріп танысқан. Соңынан отбасын құрып, бүгінде 4 перзент сүйіп отыр.
«Полиция қызметкерлері бір-бірімен отбасын құрса, жанұясы да мықты болады. Біз үйде жүргенде жұмыс туралы айтпаймыз. Ал қолымыз босағанда қыздарымызбен көбірек уақыт өткізуге тырысамыз»- дейді отағасы. Полицей Бұлбұлдың сөзінше, бұл мамандықты таңдауына әкесі себепкер болған. Сондай-ақ мұндай жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанына мүлдем өкінбейтінін алға тартады. Бұл сала асқан күш пен батылдықты қажет етеді. Ал мен өз мамандығымды қиын деп есептемеймін. Себебі бұл саланы бала кезден армандап келгенмін дейді. «Таңертең ерте тұрып, кез-келген уақытта жұмысқа шақырып қалғанда жолдасым екеуміз дайын тұрамыз. Бұл жағынан зайыбым екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Оған қоса балаларымның тәрбиесі, сабағы бар. Әйел болғандықтан үй шаруасын жасау керек. Шынында әйел үшін қызмет пен үйдің жұмысын алып жүру оңай емес. Десекте бастаған істі аяғына дейін жеткізіп, абыроймен зейнетке шыққым келеді»- деп түсіндірді Бұлбұл. Бүгінде ерлі-зайыпты полицейлер қызметте қатар жүру отбасы бақытына кедергі келтірмейтініне сенімді. Қайта тағдыры мен қызметі тоғысқан жандар болғанына қатты қуанады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...