ЖҮК КӨЛІГІНДЕГІ ЖАСЫРЫН ҚОЙМА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

05.09.2023 жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімшесі және 55 мекемесінің жедел бөлімі бірлескен жедел іс-шараларды ұйымдастырды. Нәтижесінде, сол күні 55 мекемесінің автокөліктерді тінтіп-тексеру бекетінде мекеменің өндіріс аумағына бояу жабдықтарын және ағаш өнімдерін әкелген “Газель”жүк автокөлігі тексерілді. Нәтижесінде бояу құйылған ыдысқа жасырылған 4 дана ұялы телефон, 5 дана қуаттағыш, ағаш ішіне кесіп салынған 3 дана ұялы телефон және 1 дана қуаттағыш табылып тәркіленіп алынған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған іс-құжаттар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін, Төлеби АПБ-на жолданды.


Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...