12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жүйедегі жаңашылдықтар сот саласына серпін берді

Cандық жүйенің арқасында соттардың заманауи түрлері мен озық цифрлық технологияларды енгізу, артық уақыт пен қаржы шығындарына алып келетін сот процедураларын қысқарту мәселесі өз шешімін табуда. Бірқатар жобалар іске асырылу арқылы электрондық сот төрелігінің базалық компоненттері құрылды.

Сандық технологияның арқасында қол жеткізген тағы бір жетістік бүгінгі күнгі сот залдарында орнатылған бейнебайланыс жүйесі арқылы сот төрелігін қашықтан жүргізе алуымыз болып отыр. Қазір таңда көптеген сот отырыстарын қашықтан өткізу арқылы тараптарды алыстан тыңдау, куәгерлерден жауап алу мүмкін болып отыр. Бұрын мұндай жағдайда куәгердің немесе тараптардың бірінің сотқа келуі, алыс аймақта болса сот өткізілуі көп қиындықтар туындататын. Қазір сотқа шақыртуды смс арқылы жіберіп, сот процесі кезінде алыстан онлайн қатыса алуы сандық технологияның тағы бір артықшылығы дей аламыз. Еліміздің сот отырыстарының онлайн жүзеге асуы, халыққа ыңғайлылығы қуантты. Осындай тиімді жүйеге қарай бейімделгені дұрыс деп ойлаймын. Жалпы мұндай жағдайда адамдар өз құқығын қорғап қалуға ынталы болады. Демек елімізде заңбұзушылықтар да азаяды.

Қазіргі таңда  еліміздің соттары басқа өңірдегі адамнан қашықтан куә ретінде жауап алу мүмкіндігін ұтымды пайдаланып жатыр. Сотта куәлік беруі тиіс адам, кез келген өзі жүрген қаладан жергілікті сотқа келіп, сол жерде бейнебайланыс арқылы тиісті сотпен байланысқа шықса болғаны сол жердегі сот қызметкерлері қажетті жағдайды жасап береді. Бұрын арнайылап сотқа жүріп, уақытын да қаражатын да жұмсайтын. Ал қазір осы әдіс заңды болып табылады және сот тарапынан толық көлемде ескеріледі.

Қалима Дуамбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...