Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты №11 мекемесінде Заманына «XX ғасырдың Гомері», жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 177 жылдық мерекесіне арналған, іс-шараға Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, Ш.Құмаровамен бірлесіп, мекемедегі жазалы жасөспірімдер арасында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ақының өлеңдерін насихаттап, ұлттық құндылыққа баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа кішпейілдікке тәрбиелеу.
Жазасын өтеуші жасөспірім – Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа қазақ және орыс тілінде, «Халық-менің шын атым», «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградттық өренім», «Балаларға» т.б өлеңдерін жатқа екі тілде оқыды. Сонымен қатар мекемедегі жазасын өтеуші жасөспірімдер викторияналық сұрақтар дайындап, келген кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп викторияналық сұрақтарды шешті.
Іс-шараның соңында, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің «Жыр алыбы- Жамбыл!» туралы дайындаған кітап көрмесін шолу жасап белсене қатысқан жазалы жасөпірімдерді грамотамен мараппатады.
Өтетін барлық іс-шараларға белсене араласып, өз тараптарынан көмек көрсетіп отыратын Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана ұжымына, мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет подполковнигі
А. Бәзілбаева мекеме бастығының атынан зор алғысы білдірді.
№11 мекемесі
Е. Жеңісхан


