Жыл басынан пробация есебіндегі 19 сотталған жұмысқа орналасқан

Жаңақорған ауданы Ордакент ардагерлері және жастар ресурстық орталығында аудандық прокуратура , аудандық пробация қызметі және аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді. Бос орындар жәрмеңкесіне пробация есебіндегі азаматтар жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Нәтижесінде 2 сотталған жұмыс тапты. Олардың бірі А есімді азамат «Пітай» шаруақожалығына , ал екіншісі азамат «Мұрат» шаруақожалығына жұмысқа орналасты.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және т.б көмектерді көрсетеді. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту орталығымен сотталғандарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік оқуларға жіберу секілді жұмыстарды атқарып келеміз. Жыл басынан 19 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Есептегі жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді аудандық пробация қызметі бастығы әділет майоры Анарбек Искаков.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....