Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамға-пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі.
2023 жылы Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Сарқан аудандық пробация бөлімі есебінен 7 сотталған өтті.
Мысалға, ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша қоғамдық жұмыстардың 80 сағатқа сотталған Р., Сарқан ауданының ПҚБ есебіне қойылды. Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірілген залалды түзетіп, Сарқан ауданының Алмалы ауылдық округінде қоғамдық жұмыстарын өтеп шықты.


