12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықтың алдын алу адалдықты көрсетеді

Адамзаттың өсу, өну әлбетте даму  тарихындағы   қауіпті де ауыр әрекеттердің бірі  —  пара алу болып табылады.Парақорлық ұлтқа, жынысқа бөлінбейді. Теріс пиғылды жандар мемлекеттің және басқа  адамдар есебінен пайда табуда тез ұғынысып, бірлесе әрекет етуде жылдам тіл табысуы жемқорлықтың бір жолы екені мәлім. Парақорлық әр адамның арының алдындағы  —  арамдығын әшкерелейді. Қалай десек те әр адам өзінен өзі қаша алмайды ғой. Түптің түбінде әркім өзінің арының алдында жауап берері хақ.Ал  заң алдында —  қылмыс болып есептелетінін ондай адамдар елемейді. Тіпті ойламайды.Соның салдарынан темір торға тоғытылғанда ғана естерін жинайды. Тым кеш. Сот залында айыпкердің бірі ақиқатты ашса, екіншісі шындықты бұрмалауға тырысады. Тағы бірі көз жасына ерік берсе, тағы бірі тымырайып, сырт көзге сыр бергісі келмейді. Бірақ заңның аты заң. Тағылған айыптың нақты фактілермен расталуы, заңнама бабының дұрыс тағылуы, талап арыз, жауапкер жауабы барлығын  судья салыстырып, заңға сәйкестігін тексеріп, сараптап, таразылайды. Сырт адамға еренсіздеу болғанымен мұның барлығы үлкен жауапкершілікті жүктейді. Тергеуші дәлелдері, прокурорлық бақылау, қадағалау, адвокаттың аққа жақтасуы назардан тыс қалмайды.Соның барлығын білумен шектелмей осынау теріс қылықтың жолын кесу парыз екенін де санаңда сақтаған жөн.Негізі сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарындағы   биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтыратындығын көрсетеді. Сондықтан  мемлекеттік қызметкерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын жетік біліп, пәрменділігін ұққандары дұрыс. Қарапайым ғана бір мысалға жылжымайтын мүлікті жекешелендіру қадамын алып, тиісті мекемеге барып көрсеңіз көптеген заңсыздықтарды кездестіресіз. Қариялар кезек күтіп сарғайып, шаршағанда мемлекеттік мекеме қызметкерінің көмектесуін сұрап  жалынуға мәжбүр болады.Шала сауатты маман жүре жауап беріп қажетті құжаттар тізімін ұстатады.

Бірақ сол құжаттарды қашан, қайда, қалай өткізу керектігін ашып айтпайды. Араға апталап тиісті мекемеге келген адам әлгі маманды таппайды. Ауырып жатыр немесе басқа қызметке ауысып кетті деген жауапты әрең естиді. Иә болмаса құжаттарыңыз толық емес,тіпті басқа тәсілмен өткізуіңіз керек мына тәсіл жарамайды деген жауапты жаңа қызметкерден естиді. Сонда мемлекеттік мекеме қызметкері ауысса заң өзгере ме, неге созады? Саралай білсеңіз бұл да пара алудың көрінбейтін, тек жасырын,сыбырлап айтылатын сөз. Бұл бүгінгі қоғамның бір дерті, ауруы екені анық.Нақты деректерді жалықпай жинап сотқа жүгінуге қолы қысқа адамдарда мүмкіндік жоқ. Заңнамаға сәйкес дерек жиналмаса, заңға сай сол деректерді сотқа түсіріп дәлелдей алмаса судья не істейді. Ауыз екі тілде сот залынан тыс жерлерде  айтудың өзі заңға қайшы келеді. Қарсы тараптың құқығы бұзылады. Сондықтан құқықтық мәдениет болуы керек. Заңның ең басты құндылығы —  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл заң талабы. Заңнаманы орындауға  сот жүйесі, құқық қорғау органдары, жалпы қазақстандықтар міндетті. Баса айтатын мәселе  сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен шешіле салатын проблема еместігін де көпшілік білгені жөн.

Н. Әбдіқадыров,

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының судьясы.

Жетісу облысы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...