Жеке құрамға мәдени тынығу ұйымдастырылды

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты 60 мекеменің кадр саясат тобының бастамасымен мекеме қызметкерлеріне мәдени демалыс ұйымдастырылды.

Яғни, ауысымнан бос демалып жатқан қызметкерлер мен мекеме жұмысына тартылған 5547 әскери бөлімнің жас сарбаздары бірлесіп, концерт көріп қайтты. Бүгінгі ұжымдық демалыс, жаңадан келген қызметкерлердің ұжыммен байланысын нығайту мақсатында өтілді. Яғни, жас сарбаздардың ұжымға бейімделуіне , сіңіп кетуіне көмек көрсету болып табылады.

Сондай-ақ, бұл сарбаздардың мекемеге алғаш келуіне байланысты,пенитенциарлық жүйенің ерекшеліктерімен таныстыру жұмыстары да жүргізілген болатын.

Қиындығы басым ҚАЖ саласы жұмысындағы жеке құрам мүшелерінің мәдени ортада болуы олардың бойындағы моральдық-психологиялық деңгейін арттырып, рухани адамгершілік тәрбие алуына ықпалы көп .

Бүгінгі концертте жанды дауыста айтылған әуезді әндерді тыңдап, бой сергіткен қызметкерлер біраз мәдени демалып қайтты.

Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің бір құрамдас бөлігі боп танылатын бұндай мәдени демалыстардың олардың санасына игі әсер етіп, күнделікті қызметтерінде белсенді болып ат салысуына, рухани иммунитеттерін нығайтуға деген әсері зор — дейді, кадр саясат тобының бөлім бастығы , әділет майоры Г.Алтынбекова

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...