Жекеқұрам « Тарихтан тағлым» алды

Елімізде 1997 жылдан бастап 31-мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып өтілуде.

Осы орайда, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде жекеқұрамға отаншылдық тәрбие беру мақсатында кадр саясат тобы іс-шара ұйымдастырды.

Бұл іс-шараға Қалалық орталықтандырылған кітаптар жүйесінің № 1кітапхананың кітапханашылары «Тарихтан тағлым » тақырыбында жылжымалы көрмесін әкелді.

Кітапханашы Наршаева Айманның айтуы бойынша: Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу.

Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, жастарды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу дей келіп, 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқаты жайлы қысқаша баяндап берді.

Одан соң, кітапханашы Айткулова Әсел көрмеге қойылған Т.Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»,«Зобалаң», М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» Т.Шонанұлының «Жер тағдыры- ел тағдыры», Х.Болғанбайдың «Иман күші», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» ж.т.б әдебиеттермен қатар баспасөз беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасады.

Погондағы жас қызметкерлер ата- баба тарихын білуге құштарлық танытып,тарихи кітаптарды ашып көріп, өз ойларымен бөлісті. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі іс-шарада 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқаты жайлы біраз мағлұмат алдық.

ҚАЖ қызметкері ретінде өзімді елімнің патриот азаматы санаймын. Ал, патриот адам елінің тарихын өте жақсы білгені абзал- деді, РжКБ- нің бақылаушылары әділет аға сержанты Уалиев Айбол

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...