Жедел кеңес өтті

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Жаназаровтың төрағалығымен Жергілікті полиция қызметінің ғимаратында жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңеске Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Д.Садуақасов,пробация қызметкерлері және Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Жедел кеңестің күн тәртібінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан қылмыстың алдын алу және өзара іс-қимыл жасау жөнінде өзекті мәселелер қозғалды. Бұл кеңестің мақсаты — пробация қызметі мен полиция бөлімдерінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылау жөніндегі өзара іс-қимылы болып табылады.
Кеңесте полиция бөлімдерінде белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілері туралы ақпарат алмасу, алынған адамдардың өмір салтын және тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ тоқсанына кемінде бір рет есепке алынатын адамдарға қатысты профилактикалық сипаттағы іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды. Кеңесте қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Баймурзаев пробация есебіндегі азаматтармен атқарылған жұмыстарға тоқталып, қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейту қажет екендігін, учаскелік полиция қызметкерлерімен есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбаттар тұрақты жүргізілсе деген ұсынысын жеткізді.
Алдағы уақытта да осындай кеңестер тұрақты негізде өткізілетін болады.

           Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың...

Ғылымдағы бірлік: ҚазҰУ түркі мемлекеттерімен әріптестікті нығайтпақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия,...

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...