spot_img
spot_img

Жаңа өзгеріс отбасылық дауларды тиімді шешуге бағытталған

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға  қол қойды. Бұл заңның жаңашылдығын таныстыру, артықшылықтарын көпшілікке түсіндіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Себебі, дәл осы өзгерістердің нәтижесінде еліміздің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының құзыреті кеңеймек. Яғни, бұған дейін азаматтық соттардың қарауында болған бірқатар істер енді ювеналдық соттардың құзырына беріліп отыр.

Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап қандай істер ювеналды соттар қарауына өтеді? Және мұндай жаңашылдықты енгізудің маңызы неде?  Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты отбасы, балаларға қатысты дауларды бір ортада, бір сотта шешуге бағытталған. Жалпы, ажырасудың салдары ауыр. Өйткені, ажырасудың соңы некені заңды түрде бұзумен шектелмейді. Некенің бұзылуы алимент өндіру, алименттің мөлшерін өзгерту, баланың тұрғылықты жерін анықтау, баламен кездесу уақытын белгілеу сияқты көптеген басын ашып алуды қажет ететін сот отырыстарына ұласады. Ал енді жаңа өзгеріс осы дауларды бір соттан шешуге жол ашып отыр. Мұнымен қоса, ажырасқан жұптардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде мүлікті бөлу де осы ювеналдық соттар құзырына кірді. Бұл жерде ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті азаматтық соттарда қаралатынын ұмытпауымыз керек. Тек кәмелетке толмаған ортақ баласы болғанда ғана, ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу дауы ювеналдық соттарда шешімін табады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қолжеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы істер де кәмелетке толмағандар ісін қарайтын сот құзырына берілді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты  жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Аталған соттың өз жұмысын бастауы Қазақстанда ювеналдық әділет жүйесінің дамуындағы маңызды қадам.

Е.Манапов,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...