Жаңа премьер Бектенов басқаратын Үкімет құрамы қалай өзгерді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте біраз ауыс-түйіс жасады. Өзгерістің басы премьер-министрден басталды. Әлихан Смайылов басқарған Үкімет қызметін тоқтатты. Алайда қызметін сақтап қалған шенеуніктер де бар. Massaget.kz тілшісі Бектенов басқарған Үкімет қалай жаңарғанына шолу жасады.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, Әлихан Смайылов бастаған Үкімет кеткеннен кейін министрлер құрамының тек 16 пайызы жаңарған.

Қазақстанның жаңа премьер-министрі — Олжас Бектенов. Ол бұған дейін Президент әкімшілігін басқарып келді.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Ол — 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Қорғаныс министрі.

Мұрат Нұртілеу де лауазымын сақтап қалды. Шенеунік 2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ержан Сәденов ІІМ басшысы қызметінде қалды. Ол 2023 жылғы қыркүйектен бастап ішкі істер министрі қызметіне келді.

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұған дейін де ол Әділет министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған. Ал былтыр қаңтардан бастап әділет министрі қызметіне тағайындалған еді.

Мәди Такиев қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Такиев Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауызымында қалды. Ол былтыр сәуірде тағайындалған еді.

Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болды. Бұған дейін Қызылорда облысында лауазымды қызметтер атқарған.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалды. Ол былтыр 4 қыркүйекте осы қызметке келді.

Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұрын мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған еді.

Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымында қалды. Ол 2020 жылдан бері осы қызметте.

Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып қалды. Ол бұл қызметке былтыр қаңтарда келді.

Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызметінде қалды. Ол бұл қызметке былтыр қыркүйекте келген еді.

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігін басқара береді. Шенеунік бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді.

Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол былтыр қыркүйектен бері осы министрлікті басқарып отыр.

Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқара береді. Балаева былтыр қыркүйектен бері осы қызметте.

Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Ол да былтыр қыркүйектен бері спорт пен туризм саласын басқарып отыр.

Марат Қарабаев көлік министрі лауазымына қайта тағайындалды. 

Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін сақтап қалды. Ол да былтыр қыркүйекте келген еді.

Арман Шаққалиев сауда және интергация министрі қызметінде қалды. Ол былтыр қыркүйекте тағайындалған еді. 

Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болды. Ол да былтыр қыркүйектен бері министр лауазымында.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.