ЖАҢАШЫЛ ДА БАТЫЛ ӘРІПТЕСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Ерекше ерлік істерімен көпшілікке үлгі болып, өз саласында айрықша жетістікке жетіп келе жатқан әріптестеріміздің еңбегін қоғамға, әсіресе жастарға дәріптеу әрдайым назарымызда болуға тиіс. Біз жаңашыл, батыл, әріптестерімізді марапаттап, есімдері мен ерліктерін дәріптейміз» — деп сөзін бастаған облыстық Полиция департаментінің басшысы, генерал Мұрат Талапұлының қолынан бүгін бірқатар жас тәртіп сақшылары марапат алды.

Жылды қорытындылай келе өз саласында жетістікке жетіп, еңбектері бағаланған полицейлер, оның ішінде Қазақстан Респбуликасы ІІМ – нің «Үздік тергеуші» конкурсынан жүлделі орынды иемдеген Ерасыл Жақсылықұлы Намазбаев «Қазақстан полициясына 30 жыл» төс белгісімен марапатталса, 2023 жылғы 19 қазанда Түркістан қаласында орын алған өртте адам өмірін құтқару кезіндегі батылдығы мен қайсарлығы үшін полиция аға лейтенанттары Бағлан Бекжігітұлы Жүнісов пен Асан Нұралыұлы Аманәлі Төтенше жағдайлар министрлігі тағайындаған «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар осындай қуанышты марапаттар легін зейнеткерлікке шығып жатқан Болат Бахадүрұлы Қаныбековті құттықтау марапаты жалғастырды. Генерал Мұрат Қабденов ішкі істер саласына 30 жылдан астам еңбегін арнап, ең қиын құрылымда қызмет етіп, қылмысты ашуда, күдіктіні құрықтауда көрсеткен қырағылығы, кәсіби шеберлігі үшін Болат Бахадүрұлына алғысын білдіріп, зейнеткерлік демалысқа абыроймен шығарып салды.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...