Жаңадан құрылған Алатау қаласы туралы не белгілі?

Елімізде жаңадан Алатау қаласы пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, қаланың ауданы — 88 мың гектар. Онда бүгінде 52,7 мың адам тұрады.

Министрлік Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының («Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы») жоспарын әзірлепті.

Жоспарға сәйкес министрлік Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.

«Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияны, технологияны, қосымша қаржы ағынын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Үкімет арнайы экономикалық аймақ аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту, G4 City арнайы экономикалық аймағын Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі арнайы экономикалық аймақ аумағына жатқызылады.

АЭА аумағында қызметтің басым түрлері бойынша 17 атау негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы сомасы 12,5 триллион теңгеге 170-тен аса жобаны орналастыру көзделіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа қала пайда болғаны хабарланды. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...