12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАҚСЫМЕН ӨТКЕН ЖАРТЫ КҮН…

Адам боп туу – анадан, Айуан боп кету – өзіңнен! – деп, ақын Қадір Мырза Әли жырлағандай, адам болып өмір сүру үшін де үнемі ізденіс пен жетілуді қажет етеді. Жалпы алған да қазіргі қоғамымызда кез-келген адам тұлға болып есейгенге дейін әр түрлі ұстаздың алдын көріп, түрлі үйірмелер мен курстарға баратыны жасырын емес. Мектепте оқып жүргендегі мұғалімдер өз алдына, ЖОО орынындағы ұстаздар өз алдына ерекше болатындай ма, әлде универге түскен жастардың көбі өзін толық қанды ересек адам ретінде сезінгеннен бе? кім білсін, бір ерекшеліктің бары анық. Менің байқағаным ЖОО дәріс беретін ағай, апайлардың қай қайсысы болсын білімгерлердің ойы мен талғамына, қыл қысқасы болмысына қарай әр түрлі қарым-қатынас ұстанатын сияқты. Дәл сондай ерекше ағайымыздың дәрісі Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлымен өткен сабақ деп айта алар ем.

Ұстазымызбен тікелей дикуссияға беріліп, алуан пікірдің жетегімен кететін тұстарымыз болады. Ал бірақ, оған ренжіп жатқан Абай ағай жоқ, әр күнгі сабақты әр түрлі бағалайтыны, өз жұмысында еш уақытта «мүдделер» қақтығысын тудырмайтыны қандай қажап! Студенттерде емін-еркін өз ойын білдіріп, өздерін расымен де жеке тұлға, болашақ ғалым ретінде сезінетіні, осы ағайдың сабағынан рухани күш алып шығатынымыз содан болса керек.

Ағайдың әр сабақта, қаншама ресми деректі пайдаланып, ойын қорытып, сөзін сығымдап жеткізетінің өзі, шынайы кәсібінің нағыз білгірі екендігінің дәлелі болса керек. Оның үстіне 400 ден астам ғылыми еңбектер мен оқулықтар, монография, оқу құралдары бүгінгі педагогика ғылымындағы қазақша ақпараттың қорын молайтты. Бүгінде тілдің байлығы бір құбылысқа әр қырынан қарап қойылған бірнеше атпен есептелмейтіні, сол тілде жинақталған ақпаратпен есептелетінін ескерсек, армансыз адам дер едім. Осы еңбектерді болашақ ұстаздардың кәдесіне жаратарын, сол арқылы осынау Абай ағайымыздың жан дүниесінен шыққан еңбек, қаншама қазақ баласының көкейіне қонады десеңізші.

Ағайымыздың сабақ барысында өз ойын еркін жеткізген жастарды үнемі қолдап, қолпаштап отырады. Әр бір пікірі мен сөзінен ғылым жолын таңдаған интеллектуал педагог екені көрініп тұрады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты – Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы ағайымыздың дәрісін тыңдау бақыты бұйырғанына қатты қуаныштымыз. Алдыңғы буынның кешегі Әуезовтардан дәріс алғанбыз, немесе Шерханның шекпенінен шықанбыз деген сынды пікірлерін естіп қалып жатамыз. Бізде болашақта ағайымызбен мақтанатынымызға, ағайымыз бізбен мақтанарына сенеміз…

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...