12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жас ғалымдардың қатысуымен “Фараби әлемі” атты халықаралық конференциясы өз мәресіне жетті

4-7 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында университет факультеттерінде жүзден астам секция жұмыс істеді. Секциялар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізілді. Жалпы, «Фараби әлемі» конференциясы 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту қызметін дамыту, жас ғалымдардың ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты  ұсыныстарын тыңдау, әрі талантты жастарды қолдай отырып интеллектуалды орта қалыптастыру. Конференцияда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы бағыттағы  секциялар бойынша баяндамалар тыңдалды. Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да университетіміз үшін маңызды шараға белсенді атсалысты.Кафедра атынан қатысқан жас ғалымдар қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып отырған қылмыстық құқық саласындағы түйіні жоқ түйткілдерді айтып,сот жүйесіндегі маңызға ие тақырыптарды талдап өтті.

Ауқымды шара шеңберінде студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі  де ұйымдастырылған болатын.Көрмеге жиналғандар ҚазҰУ студенттерінің барлық салада жасалған заманауи инновациялық жұмыстарын тамашалады. Конференция жұмыстары қорытындысы бойынша материалдар жинағы жарыққа шығару жоспарланған.Байқау жеңімпаздарын университет ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтап, жас ғалымдардан болашақта үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

№75 мекемесі Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық...

Осужденные женщины сыграли спектакль

В учреждении №10 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Сотталған әйелдер әртістерге спектакль қойды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...

Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне...