Жас сарбаздар жауынгерлік қызметке түсті

Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімде жас сарбаздардың жауынгерлік қызметке алғаш рет түсу күні мерекемен тең. Бүгін 1-2023 шақырылым жас сарбаздары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қорғау жөніндегі алғашқы жауынгерлік қызметтерін атқаруға кірісті.

Аталған салтанатты шараға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімі бастығы Әбдімажитов Мағжан, 5547 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Асқарбеков Асылбек, ҚР ҰҰ Қызылорда қаласы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдикаримов Ерлан қатысты.

Шара барысында ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы Әбдімажитов Мағжан жауынгерлерге ізгі тілегін жеткізді.

— Отан алдында борышын өтеу — әр ер азаматтың міндеті. Мемлекет тәуелсіздікке қол жеткелі бері қауіпсіздік күштері нығаюда. Елімізде әскери міндетті адал атқаруға барынша жағдай жасалған. Сіздердің алдағы қызметтеріңізге тек табыс тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етулеріңізге тілектеспін, — деді Мағжан Әбдімажитов.

Ендігі кезекте жас жауынгерлер Қызылорда қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстық – атқару жүйесінің мекемесінде күзету қызметін атқаратын болады.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...