spot_img
spot_img

Жастар есірткіге қарсы

    Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, оған қарсы күрес жүргізу – баршамыздың міндетіміз. Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды.Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде, ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық  корғаныс қабілетін әлеуметтік иммунитетті (наркоиммунитетті) қалыптастырудың маңызы зор деп ойлаймыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының білім алушы жастарымен осы мәселені кеңінен талдадық.Болашақ заң саласының қызметкері ретінде осы індеттің жойылуына қандай үлес қоса аласыздар,қалай күресуге болады деген   сынды түрлі сұрақтар қойылып,пікір алмастық.Студенттер бос уақытын пайдалы іс-әрекетке жұмсап,өзіңді дамытып алға ұмтылған жөн дегенге тоқталды.Олардың ойынша,барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек санайды.Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып,еліміздің өркендеуіне үлес қосуымыз керек деп санайды.

       Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет-ол нашақорлық. Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып қалыптасуына оқытушылардың үлесі мол деп ойлаймыз. Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Тәлім тәрбие жолында   шәкірттеріме нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға серік етіңіздер дегіміз келеді.

М.Е.Ақболатова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының докторы .

Р.Б. Тұрысбек , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы.

Әкімшілік әділеттің маңыздылығы

Әкімшілік әділет Қазақстанда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді....

Мемлекеттен берілген жер мақсатына сай, уақытылы пайдаланылуы тиіс

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан...

Мемлекеттік тілді насихаттау

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен...

Комплексная безопасность 2030: как Казахстан перестраивает подход к правопорядку

Документ отражает стремление государства усилить безопасность и повысить роль...

Новая архитектура ТиПО: как колледжи становятся драйвером индустриального роста

Техническое и профессиональное образование в стране вступает в новый...