12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жалған айғақ беру жауапкершілік жүктейді

Мемлекетіміздегі әрбір құқықтық реформа заңның үстемдік құруына  бағытталған. Ел азаматтары соған сай, өздерінің заңдық білім-біліктерін  жетілдіріп отырулары тиіс. Сонда ғана заң толыққанды үстемдік етеді. Құқықтық суат пен мәдениетті көтеруде заңдық түсіндірмелердің маңызы зор. Осы себепті, мақаламызда Азаматтық процестік кодекстің 80, 81-баптарына тоқталып өтеміз. Жалпы алғанда, азаматтық істерде тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлардың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары дәлелдеудің дербес құралы ретінде қарастырылады.

80-бапқа сай сотта іс үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша барлық адам куә бола алады. Бірақ, айғақ нақты әрі шынайы болуы керек, сонда ғана  дәлелдеме ретінде танылады.  Куәны шақыртуға өтінішхат беруші ол туралы мәліметтерді көрсетіп, не үшін жауап алу керектігіне негізді уәж келтіруі тиіс. Аталған баптың 3-бөлігінде кімдерден куә ретінде жауап алуға болмайтыны нақтыланған. Мәселен, балаларды тәрбиелеу туралы дауларды қоспағанда, жастығына, дене, сондай-ақ, психикалық кемістіктеріне байланысты фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақтар беруге қабілетсіз адамдар куә ретінде сұралмайды.

Сонымен қатар, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердегі өкілдер мен қорғаушылар, шешім немесе үкім шығару кезінде істің мән-жайын талқылауда кеңесу құпиясы сақталу үшін судья, өз мiндеттерiн орындауда өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – төрешi, алқаби, осы бапта көрсетілген өзге де тұлғалар куә ретінде сұралуға жатпайды. Бұған қоса  лауазымдық міндеттерін атқарған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және заңмен айқындалған жақын туыстар айғақ беруден бас тарта алады, бұл үшін олар жауапкершілікке тартылмайды.

Азаматтық процестік кодекстің 81-бабымен айқындалғандай куәнің құқықтары мен міндеттері бар. Оның ең басты міндеті сот шақыртуына келіп, шынайы айғақ беру. Адам басында әртүрлі жағдай болады, кейде куә ретінде шақырылушы өзінің денсаулығына, қарттығына, жер шалғайлығына, т.б.  себептерге байланысты сотқа келе алмауы мүмкін. Осындай дәлелді себептері бар куәлардан сот техникалық байланыс құралдарын немесе басқа да мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жауап алады.

Жалған айғақ берген және айғақ беруден негізсіз бас тартқан куәлар жауапкершілігі Қылмыстық кодекспен көзделген. Сондықтан, куә ретінде тартылғандардан шынайы айғақтар талап етіледі. Куәның сот шақыртуына байланысты кеткен уақыты үшін өтемақы алуға, өзге де шығыстарын өтетуге құқығы бар. Шығыстар мен өтемақылардың мөлшері  Республиканың бюджет заңнамасымен айқындалған. Елдің дамуын қалайтын  әр азамат заң талабына бағынып, соған сай әрекет етуге міндетті.

Асем Хасенова,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...