Жалпыға бірдей декларация: шетелдерде оны кімдер тапсырады?

Бүгінде жаппай декларация тапсыру — қызу талқыға түсіп жатқан өзекті мәселенің бірі. Елде декларация тапсыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатыр. Шет елдерде жалпыға бірдей декларация бар ма? Massaget.kz тілшісі шолу жасап көрді. 

АҚШ

Елдің жоғары басшыларының декларация тапсыру идеясы алғаш осы елде пайда болған. Яғни әңгіме елдің екі палатасындағы депутаттар, президент пен өзге де шенеуніктерге қатысты. Елді президент Линдон Джонсон басқарып тұрған кезде 1965 жылы алғаш рет жоғары федералды шенеуніктер өздерінің кірістері туралы салық органдарына есеп беруі керек еді.

Артынша декларациялау практикасы кеңейтіліп, жетілдіріліп, 1977 жылы Конгресс Сенаты мүшелерінің этикалық мінез-құлық кодексі және Өкілдер палатасы мүшелерінің этикалық мінез-құлық кодексі қабылданды. Оған сәйкес сенаторлар, Сенатқа кандидаттар, Өкілдер Палатасының мүшелері және басқа да бірқатар шенеунік өздерінің мүліктері туралы декларация тапсыруға міндеттелді.

АҚШ-та бұл жүйе 1978 жылдан нақты жұмыс істей бастады. Сол уақыттан бері федералды деңгейдегі шенеуніктер өздерінің кірістері туралы есептерді жариялауға міндетті. 

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлыбритания

Ұлыбритания кірістерді декларациялауды АҚШ-пен шамалас уақытта, 1974 жылы бастаған. Ол кезде Қаржылық мүдделер тізілімі құрастырылып, Қауымдар палаталары «қаржылық мүдделер» деп аталатын құжатты декларациялауы керек еді. Бұл қызығушылықтардың тізімі бірнеше рет толықтырылып, нақтыланды. Атап айтқанда, 1996, 2002 және 2005 жылдары түрлі өзгерістер енгізіліп тұрды.

Ұлыбританияда декларация тапсыру жүйесі жемқорлықпен күрес емес, мемлекеттік сектордағы этикалық стандарттар саясатының бөлігі болып саналады. Сондықтан декларация тапсырмағандарға қылмыстық жауапкершілік көзделмеген. Дегенмен жалтарған шенеунікке жаза бар: мұндай шенеуніктерге мемлекет жалақы төлемей қоюы мүмкін.  

Көрнекі сурет: kaluga.online

Германия

Германияда жалақыдан бөлек қосымша табысы бар салық төлеушілердің бәрі декларация тапсыруға міндетті. Егер негізгі жұмыс орнынан жалақы ғана алып отырса ешкім декларация тапсырмайды. 

Дания, Финляндия және Швецияда шенеуніктер мүлкін өз еркімен декларациялайды. Осы елдерде халыққа билікке деген сенімі жоғары және жемқорлық аз екенін атап өтейік.  

Айта кетейік, Дүниежүзілік банк мәліметінше, декларация тапсыру 150 елде қарастырылған. 

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.