Жазасын өтеуші жұп арасында видеобайланыс орнатылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған азамат Ақтөбе қаласында жазасын өтеп жатқан некелі жұбайымен «Skype» жүйесі арқылы видеобайланыс орнатты. Видеобайланыс барысында некелі азаматтар бір-бірінен жағдай сұрасып, сағыныштарын білдірді.

«Мекеме басшылығы тарапынан бізге заңмен көрсетілген барлық жағдай жасалуда. Соның бірі жақындарымызбен сөйлесу. Бұл туыстарымыз бен біздер үшін үлкен қуаныш. Ұялы телефон арқылы дауыстарын естіген бір басқа, бүгінде осы бейне сөйлесу арқылы жағдайымыздың жақсы, деніміздің сау екендігін көре алады. Бүгін жұбайыммен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, балаларымның анаммен бірге екенін естідім. Отбасы күнін өзге балалар секілді ата-анасының жанында өткізе алмайтыны жаныма батады. Жасаған қылмысым үшін де өкінемін. Балаларыммен тезірек қауышу үшін тәртіп бұзушыдыққа бармай, түзелу жолында жүрмін», – деді өз сөзінде жазасын өтеуші.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...