Жазаны ауыстыру туралы көрсеткіш сот отырысы өтті

Астана қаласы Нұра ауданы прокуратурасының бастамасымен қылмыстардың қайталануын азайту бойынша шара қабылдау мақсатында 29.11.2023ж. Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының сот отырысына қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеу тағайындалған, қайталанатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталған азаматтар тыңдаушы ретінде шақырылды.

Сот отырысында Астана қаласы Нұра ауданы пробация қызметінің сотталған С.-ға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынуы қаралды.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны, сондай-ақ міндеттерін орындамағаны үшін сот бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны 1 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Одан кейін Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Қ. Тобағалиұлымен сот отырысына шақырылған тіркеуде тұрған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...

Не только природное обновление 

СЕГОДНЯ ПРАЗДНИК НАУРЫЗ ПО ПРАВУ СЧИТАЕТСЯ ОДНИМ ИЗ ФУНДАМЕНТАЛЬНЫХ...

Мир без туберкулеза

В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ ДИАЛОГА ВЫСОКОГО УРОВНЯ В ПРЕДДВЕРИИ ВСЕМИРНОГО...