Жабық мекемедегі ақ халаты абзал жан!

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Соның бірі Алматы қаласы ҚАЖД қарасты №11 мекемесіндегі емдеу бөлімінің бастығы әділет  майоры Нурдинова Дильнара Рашидиновна.

2009 жылы Қазақстан-Ресей Медициналық Университетінің «Жалпы медицина бөлімін» бітіріп дәрігер мамандығын алған. ҚАЖ Департаментіне қарасты №72  және №11 мекемелерінде 2009 жылдан бері қызмет атқарып  келеді.  Нурдинова Дильнара мекемеде дәрігер-терапевт медициналық бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Алматы қаласы ҚАЖД №11 мекемесінде қазіргі таңда  36 кәмелетке толмаған жасөспірім жазасын өтеуде. Мекемеде 6 орындық  медициналық бөлім және құрт ауруына арналған оқшаулау орыны бар, 17 дәрігер мен медбикелер жұмыс жасайды.

Медициналық бөлім басшысы Нурдинова Дильнара Рашидиновнаның айтуы бойынша,медицина бөлімінің қызметкерлері мекемеге келіп түскен сотталғандарға тұрақты  медициналық көмек көрсетіп, сонымен қатар жылына 2 рет жоспарлы түрде  профилактикалық тексеруден өткізіп тұрады. Алматы қаласындағы №24 қалалық емханамен тығыз байланыста, профилактикалық тексеру жүргізу кезінде арнайы мамандар лор, хирург,невропотолог, терапевт, окулист шақыртылады.

Мекемедегі сотталғандар арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу мақсатында,  №24 қалалық емханадан дәрігерлер мен медбикелер келіп  18-жасқа толған жазасын өтеуші жасөспірімдерге екпе жұмыстары жүргізіледі. Созылмалы ауру анықталған науқастар медицина бөлімінің қызметкерлерімен үнемі қадағаланып, уақытылы дәрі-дәрмектер беріліп, қажет болған жағдайда Алматы қалалық ауруханаларға арнайы маман дәрігерлердің кеңесін алуға шақырылады, қосымша тексеружұмыстары жүргізіліп, қорытынды диагноз қойылып, қажетті ем алынады. Мекемеде арнайыстоматология кабинеті бар, тісі ауырған сотталғандарға ем көрсету үшін медициналық құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Жасөспірім сотталғандарға қажетті ем көрсету керек болған жағдайда аумақтық ауруханаларға шығарылмай өз мекемемізде толықтай ем қабылданады дейді Дильнара Рашидиновна.

Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс.   Өмірді әдетте, көп нәрсеге теңейді. Сол секілді әрбір жанның өмірі бұрылыстар мен құбылыстардан тұрады. Сан талай сынақтармен сыналатын адам өмірі ақ халатты абзал жандармен тығыз байланысты. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде. Ауру жаныңа батып тұрғанда ең жақын адамға емес, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп жатамыз. Адамның өміріне қатысы бар дәрігер қауымдарынан барлығы қамқорлықты сезгісі келіп, сеніммен барады.

Еңбек етпей бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал, жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік бақыт жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет. Дәрігерлер жүрегінде Гипократ антын сақтап еңбек етеді, өмір сүреді. Нуридинова Дильнара Рашидиновна  оқу бітіргеннен бастап, өмірін осы дәрігерлерлік мамандыққа арнаған адам. Жаны таза, еңбегіне адал, ұстанымына берік маман. Жұмыс жасау барысында алған алғыс хаттары мараппатары өте көп. 26 жыл бойы тапжылмай ҚАЖ жабық мекемесінде жұмыс атқарып, майор шенінде атақ алып,  2022 жылы 31-желтоқсанда құрметті зейнетке шықты. Зейнетке шықса да өз жұмысын жалғастырып,Дильнара Рашидиновна қазіргі таңда №11 мекемесінің  Медицина бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады,  отбасында аяулы ана, екі ұл тәрбиелеп отыр.  Жұмыс пен отбасын қатар алып жүру әйел адамға оңай емес, соған қарамай бәріне үлгеріп өз жұмысының майталманы..  Бұл дүниенің басты байлығы- адам, адамның ақылы және оның ісі деп біледі. Еңбегінің жемісін көрген адам бақытты. Жақсы дәрігер болу үшін істі таза, адамгершілікпен істеу керек дейді маман.

 Ал жас мамандар жақсы дәрігер болу үшін үлкен практикалық мектептен өтіп, үнемі оқып, ізденісте болғаны дұрыс. Дәрігер өзінің кәсіби міндетін атқару барысында денсаулықпен, науқастықпен, ауырсыну симп­том­дарымен, аурудың қиналуы­мен, тіпті ағзаның  (жан тәсілім) алдындағы арпалысымен қоян-қолтық араласып, қиын­дықты шебер­лік­пен жедел жеңіп, ауруды ажалдан ара­шалауға тиіс. Дәрігерлік мамандық – өнер, ол білімділік, іскерлік, тәжірибе мен шеберлікті талап етеді. Жабық мекемедегі болсын,  жалпы ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалай білуіміз керек.

№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...