«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі азаматтардың өтініштерін қабылдау және тіркеуге арналған жүйе. Оның негізгі мақсаты ‑ азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш беру процесін барынша жеңілдету, олардың қарастырылуын бақылауды жетілдіру болып табылады.
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі қазіргі таңда пилоттық жобасы болып саналады. Аталған жобаҚазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Вице-министрі А.Н.Тұрысовпен 2021 жылғы бекітілген «Е-ӨТІНІШ» АЖ ӘКІМШІСІНІҢ НҰСҚАУЛЫҒЫНА сәйкес жұмысын асырады.
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін персоналды компьютерге NCALayer бағдарламасын орнату қажет. NCALayer бағдарламасы орнатылған соң, ашылған браузермен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне кіру үшін қызметкер логинін, паролін енгізеді. Логин ‑ қызметкердің ЖСН-і болса, пароль электронды поштаға келеді. Жүйеде өтініш жазу үшін «Өтініш толтыру» түймесін басып, өтінім берушінің жеке деректері мен арыздың мәтінін жазу қажет. Оларды толтырғаннан кейін «Өтінішті басып шығару» түймесін басады. Өтінішті қағаз күйінде шығарғаннан кейін қол қойып, сканерден өткізіп, сканерленген нұсқаны «Құжат тіркеу» және «жіберу» батырмасымен жолдау қажет. Өтініш жіберілгеннен кейін экраннан өтініш талоны көрсетіледі. Талон өтініш беруші туралы ақпаратты және өтініш номерін қамтиды. Өтініш жолдау барысында телефон нөмірі дұрыс көрсетілуі маңызды. Өйткені кейін иесіне өтініштің қаралу барысы туралы SMS хабарлама жіберіледі. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік құрылымдар қызметіне жүгінуін жеңілдетеді.
Бүгінде Қоғамдық қабылдау мен мемлекеттік органдарға өтініш жасаушы азаматтар саны артып, Мемлекет пен қоғам арасындағы екіжақты байланысқа кедергі бірқатар проблемалар » Е-Өтініш» жүйесі арқылы шешімін табуда.
Статистикалық мәліметтері бойынша Атырау қаласының № 2 сотында 2022 жылынан бастап қазіргі уақытына дейін «Е-Өтініш» жүйесіне азаматтардан 29 өтініштері түсіп, заңнамаға сәйкес уақытылы жауаптары берілген болатын.
Сонымен қатар «Е- өтініш» — ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатып, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірегей жүйе. Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі және жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесі жолға қойылды.
Айгерим Джумалиева,
Атырау қаласының №2 соты әкімшісінің
жетекші маманы