12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есіркіге қарсы тексеріс жұмыстары күшейтілді

Қызылорда облысында нашақорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен есірткіге елітіп, тәуелді болып қалушылар саны аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері көбейген. Бұл орайда өз міндетін мінсіз атқарып жүрген тергеу мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қырағылық танытып, мекеме аумағына  есірткі тасымалдануының алдын алуда.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-29 желтоқсан күндері аралығында, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне есірткі заттардың енуін болдырмау, анықтау мақсатында күшейтілген тексеру іс-шарасын өткізу белгіленген. Осыған байланысты, 2023 жылдың желтоқсан айының 19-20 күндері Қызылорда облысының полиция кинология қызметінен 1 қызметкер қызметтік итпен шақыртылды және Қызылорда желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Е.Ескалиев, кіші инспектор кинологі полиция старшинасы Ж.Бәкірмен бірлесіп, қызметтік итімен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен, бақылау өткізу бекетінен бастап, сәлем-саухат қабылдау орнына дейін тексерілді. Тексеру кезінде есірткіге қатысты факті тіркелген жоқ, дегенмен аталған бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Есірткіге қарсы күрес, яғни тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сондай-ақ, қамаудағылар мен қызметкерлерге есірткі заттарын заңсыз сақ­тағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын мекеменің жедел бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Сейдахметов Өмірзақ үнемі ескертіп келеді.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....

NARXOZ университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық...