Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметтерінде есепте тұрған, бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында «есепші»профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Ол Алматы қаласының аумағында 2023 жылғы 15-25 мамыр аралығында ұйымдастырылды. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алмалы ауданының пробация қызметі Алмалы ауданының ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазалауға сотталған адамдармен жұмыс жүргізді. Бұл іс-шаралар барлық сотталғандарды тұрғылықты жері, жұмысы және оқуы бойынша қоғамнан оқшауламай жазалауға тексеру мақсатында өткізіледі. Сотталғандармен тексеру барысында профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, жазаны өтеу тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерттейді. Сондай-ақ олардың мінез-құлқына әсер етуі және сотталғандарды түзетуге ықпал етуі мүмкін адамдардың жақын туыстары мен көршілері сұралады. Барлық сотталғандармен қайталама құқық бұзушылық жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді.


