Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсетендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс –тіл мәселесі болып табылады.
Тіл ұлттың негізі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуына шешуі рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
«Тіл тағдыры-ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры-ел тағдыры» деген ұранды ұстаған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезендері басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол қалықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді.
Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды.
Елімізді ХХ ғасырды жетпіс жыл бойы билеген әкімшіл-әміршіл жүйенің ұстанған ұлт саясаты республикамызды мекендеген халықтардың табиғи даму заңдылықтарына ықпал етіп, туған тілінен, тарихы мен мәдениетінен айрылудың қатерлі жағдайына душар етті. Жалпы, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық оралау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Бұл қауіптен қазақ тілі 1917 жылғы Қазан төңкерісінің арқасында құтылғандай болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ұлт тілдерінде мемлекеттік және саяси тұрғыда жете мән беріліп, ұлт тілі мен мәдениетіне азды-көпті түсінушілікпен қарағандық байқалады.
Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қаңтарда қабылданған Негізгі Заңы – Конституциясына нақтылануы болды.
Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңды орындауға бағытталған басқада маңызды заңнамалық құжаттар қабылданып, мемлекеттік тіл мәселесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының Үкіметі 1999 жылғы 8 қаңтарда бекіткен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның орындалуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережесі» сияқты құжаттар қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне лайық пайдаланыдың аясын кеңейтіп, ресми құжаттарды ресімдеудегі рөлін жетілдіре түсті. 2005 жылы қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінде өткен кеңесте Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының судьясы А.Т. Марданова